Оңбай қателесті: Дәрігерлер 8 мұғалімге вакцинаның 6 дозасын бірден егіп жіберді

662

Испаниядағы мектептің бірінде бірдей сегіз мұғалімге вакцинаның 6 дозасы бірден салынып кеткен. Бұл үлкен медициналық қателік боп есептеледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ақпарат көздерінің айтуынша, Хельвес муниципалитетіндегі колледждің оқытушылары (Севилья провинциясы, Андалусия автономды қауымдастығы) 4 маусым күні вакцина салдырды. Кейін, дәрігерлер оңбай қателесіп, мұғалімдердің әрқайсысына алты дозадан тұратын Pfizer вакцинасын екті.

Алайда, ұстаздар вакцинадан соң ешқандай кері әсерін байқамаған. Олар қалыпты өмірін жалғастырып, қазір өз жұмыстарында жүр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар