Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 балл алды

5125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/3b8a0499-f0f3-4f3e-8fd5-98b0adf1d556.jpeg
Павлодарлық Данияр Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеуден елімізде бірінші болып 140 балл жинады. Бұл туралы «Білім-Инновация» қоғамдық қорының қызметкері Нұрбол Төлебаев жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сүйінші! Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 алды. (Әзірге ресми ҰБТ-дан биылдыққа алғашқы 140). Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Уалиев Данияр Арманұлы – Павлодардағы ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің 2020-2021 жылғы түлегі», – деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии