Қазақстандық теннисші әйгілі Серена Уильямсты жеңді

2815
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/624dacc2-bb07-4c11-be94-38cf1f51168c.jpeg
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан теннистен Францияның ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Рейтингте 22-орын иемденіп тұрған Рыбакина төртінші айналымда америкалық Серена Уильямсты 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды. Рыбакинада 4 эйс жасады. Жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Қазақстандықтың келесі қарсыласы ресейлік Анастасия Павлюченкова болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии