Шымкентте «Балаларға бақыт сыйла» іс-шарасы

2277
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балаларға бақыт сыйла!» іс-шарасы өтті. Оған әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 5-12 жас аралығындағы 40 бала қатысты.

Игі шараның мақсаты бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, танымдық өрістерін кеңейту болып табылады.

Экскурсия барысында балаларға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені таныстырылып, зообақты аралатты. Ойын алаңшасындағы аттракциондарға ойнатып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шара ертең де жалғасын табады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер