Зейнеткердің ақшасын өз немересі ойынға "тігіп" жіберген

2550
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында зейнеткердің бір миллионға жуық ақшасын немересі букмекерлік кеңсеге ойынға "тігіп" жіберген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақкөл ауданы Еңбек ауылының 70 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 11 мамыры аралығында белгісіз адамдар оның банктік шотынан 848 мың теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлағаны туралы өтінішпен полицияға жүгінген. Зейнеткер банкоматтан қолма-қол ақша алғысы келген, бірақ шотта ақша жоқ екенін білгенде қатты таң қалған. Банк ақша букмекерлік кеңсенің шотына аударылғанын хабарлады.

Полицейлер ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі істі бастады. Әңгіме барысында полицейлер зардап шегушінің немерелерінің банк картасына қол жетімділігі болғанын анықтады.

Жас жігіт бұл әрекетін мойындады. Немересі банк картасы "байланған" әжесінің ұялы телефонын пайдаланып, ставкалар жасап, бұл туралы хабарламай, ақша аударғаны белгілі болды. Ал операцияларды растау кодтары бар хабарламалар жойылған.

Ақмола полицейлері ешқандай жағдайда картаны суретке түсіре алатын немесе одан ақпаратты өзге тәсілмен көшіре алатын үшінші тұлғалардың қолына беруге болмайтындығы туралы ескертеді. Күдікті есептен шығаруды жіберіп алмау үшін транзакциялар туралы SMS-хабарламаны қосыңыз. Банк карталарының пин-кодтарын ешкімге айтпаңыз. Өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада үлкен ақшаны сақтамаңыз. Қажет болса, негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасаған дұрыс.

                                                                                                                                     "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер