Путин: АҚШ Кеңес Одағы жолымен нық қадам басып келеді

1017

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың империялардың типтік проблемаларына тап болғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы ол ДЗМФ шеңберіндегі әлемдік ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесуінде айтты.

"Империялардың проблемасы қандай десеңіз, олар өздерін кішігірім қателіктер мен кемшіліктерді көтере алатын соншалықты қуатты деп санайды", - деді Ресей көшбасшысы.

Оның ойынша, өз күшіне сенімді күштер өздеріне қиындықтар туғызады, оларды әрқашан шеше аламын деп сенеді. Алайда, мұндай проблемалармен «енді күресуге болмайтын» уақыт келеді.

Ал Америка Құрама Штаттары Кеңес Одағы жолымен нық қадам басып келеді, деп аяқтады ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар