Мұрат АЙТЕНОВ: Елімізде алғаш рет «Шымкент Жастар Лигасы» жобасы іске асырылуда

625

Қымбатты менің жас достарым!

Алдымен, баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Шымкент Жастар Лигасының салтанатты іс-шарасы Жасампаздыққа толы жылдар, яғни Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымерейтойының аясында өтіп жатыр. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі ерекше.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға қатысты тапсырмасына сәйкес, қала жастарының бастамасымен елімізде алғаш рет «Шымкент Жастар Лигасы» жобасы іске асырылуда.

Балаларды қуанту, көңілін тауып, жүздеріне күлкі сыйлау – зор бақыт! Осы орайда, балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздарға, ата-аналарға алғыс білдіремін.

Азаттықтың алғашқы жылдары қаламыздағы білім беру ұйымдарының саны  125- ті  құраса, бұл күнде 780-ге жетті.

Бұл нәтижеге қол жеткізуде мемлекетіміз  ауқымды бағдарламар қабылдап, адами капиталды дамытуда өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына басымдық беруде.

Оған дәлел, 30 жылда 68 мыңнан астам орынға 98 заманауи үлгідегі білім ошағы салынып, 85%-на күрделі жөндеужұмыстары  жүргізіліп үш ауысымды, апатты  мектептердің   өзекті мәселелері оң шешімін табуда.

Осы жылдары дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептер, Назарбаев Зияткерлік мектептер желісі құрылып, оқушылар халықаралық зерттеулерге қатысып, білімдерін жетілдіруде.

 

Сонымен қатар, қаладағы барлық балалар алаңы жаңартылып, заманауи спорт алаңдары бой көтереді. Сөз орайы келгенде айта кетейін, Шымкент қаласы бойынша спорттық секцияларға жазылған оқушылар саны – 172 496-ға жетті.

 

Мұның бәрі – жастардың сапалы білім алуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда  Үкіметіміздің қамқорлығы яғни, тәуелсіздіктің толағай табысы деп білемін.

        Дарынды балаларды анықтау мен қолдауда маңызды іс-шаралар жүргізілуде.  Биылғы оқу жылында оқушыларымыз білім, спорт сайыстарында өз үлестерін қосып, қаламыздың абыройын асқақтатты.

Оған дәлел, қаламыздың 131 оқушысы Елбасы медалінің иегері атанды, түрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардан республикада 69 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді.

Республикалық Ұлттық мектеп  лигасында  спорттың 4 түрінен яғни, воллейбол, футбол, үстел теннисі, футзалдан  шымкенттік                          9 команда чемпион атанды.

 

Халықаралық өнер, қылқалам шеберлері  сайыстарынан 110 өнерпаз бас жүлделерге ие болды.

Өнері өрге жүзген өресі биік өрендеріміздің асулы шыңдарға шығып, халықаралық, республикалық кезеңде өз бағын сынап қана қоймай, қаламыздың абыройын асқақтатып отырғаны - біз үшін мақтаныш!

Біз бүгін Сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін «Шымкент Жастар Лигасынының» жабылу рәсімін балаларды қорғау күні мерекесімен орайластырып, ұйымдастырып отырмыз.

Қала жастары бастамасымен іске асқан бұл лиганы өте ауқымды әрі сәтті жобалардың бірі деп есептеймін.

Намысты дода қаншама жасқа жол сілтеп, рухын шыңдады. Оның айғағы лигаға қатысуға 140 білім ұйымынан 536 командадан өтініш түсіп, жалпы саны 8 569 оқушы сайысқа түсті.

Ендеше қуанса бала қуансын! Жеңістен жеңіске, қай салада да жетістікке жете беріңіздер! Спортқа бейім, білімді, саналы болыңыздар!

Жазғы демалыстарыңыз көңілді, сәтті өтсін!

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы