Той мен өлім қатар келген: қайтыс болған қалыңдықтың орнына әпкесі күйеуге шықты

892

Үндістанда үйлену тойы кезінде кенеттен қалыңдық қайтыс болды. Алайда, тойды тоқтатпау мақсатында күйеу жігіт өзінің балдызымен бас қосты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқиға Самаспур ауылында болған. Шаңырақ көтергелі жатқан екі жас соңғы рәсімге дайындалып жатқан кезде, қалыңдық есінен танып, қайтыс болған. Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған деп мәлімдеме жасады.

"Біз не істерімізді білмедік. Ақылдаса келе, кіші сіңлімізді сол бойда ұзатуға бел будық ", - дейді қыздың ағасы.

Ең сорақысы, қайтыс болған қалыңдықтың өлі денесі некелесу рәсімі боп жатқан бөлменің жанында болған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар