Қазақстаннан Қырғызстанға жаңа рейс пайда болады

3072
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/izobrazhenie_2021-05-31_182330.png
Қазақстаннан Түркістан - Бішкек жаңа халықаралық рейсі ашылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 2021 жылы 31 мамырда Fly Arystan Airlines Түркістаннан Бішкекке жаңа халықаралық рейс ашпақ. Рейстер А-320 ұшағында аптасына екі рет  жұмыс істейді (әрқайсысы 1,4 күн).
"Осы қалалар арасында 31 мамырда жасалған бірінші рейсте орташа коммерциялық жүктеме 60% -дан асты. Осылайша, Түркістан қаласын Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде шет мемлекеттермен байланыстыру міндеті дәйекті түрде жүзеге асырылуда", делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатыны атап өтілген.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии