Алматыда Әл-Фараби даңғылы жабылмақ

1040

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабық болады,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, көше Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейін жартылай жабылады. Бұл учаскедегі көлік қозғалысына шектеу 2021 жылдың 1 маусымы мен 10 маусымы аралығында күшіне енеді. Себеп, Әл-Фараби даңғылы асфальтінің ауыстырылуына байланысты.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Әл-Фараби даңғылы бойымен Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне (Терренкүр) дейін жүретін бөліктің бүкіл ені бойымен жол төсемесін ауыстыру арқылы жөндеу жұмыстары Аль-Фараби даңғылы бойымен екі бағытта да жүреді. Сол себепті 2021 жылдың 1 маусымынан 10 маусымына дейін күндіз және түнде ішінара көше жолдары жабық болады. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және бұл аймақпен жүретін сапарларды ұйымдастырмауларыңызды өтінеміз», - делінген хабарламада.

Әл-Фараби даңғылының жөндеу жұмыстары жүргізілетін бөлігі (қызыл түспен көрсетілген)

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар