Үйіне кіріп келген дұшпандары да тектілігіне таң қалып, үн қата алмай қалған

4278
Adyrna.kz Telegram

«Әкемді ұстауға сауылдап кіріп келген тергеушілерді көргенде саспастан: «Лиза, шай қой. Қонақтар келді. Мәдениетті кісілер дәстүр аттамайды», – деді. Олар үндей алмай қалды.

Сол паузаны пайдаланып: «Кешіріңіздер, телефон шалуға бола ма?» деді. Олар рұқсат берді. Көршісі, аса белгілі кеңес ғалымы трубканы алғанда: «Вася! Мен ұзақ командировкаға кетіп барамын. Лизаны саған тапсырдым. Аманат» деді де маған қарап: «Лиза! Сен анда-мұнда жүгірме. Одан ештеңе шықпайды.
Бұл «барса – келместің» командировкасы» деді сабырмен. Тергеушілер мұның бәрін үнсіз тыңдап тұрды, үндеуге бата алмады. Мен соған таңғалдым»

Лиза Әлиханқызы Бөкейханованың «Алаш тарихы» тақырыбында докторлық дессертация қорғаған тарихшы Жақсалиевке берген сұхбатынан.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер