Джо Байден: "2035 жылға дейін Қытай Американы иемденіп алуы мүмкін"

3333
Белгілі Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Вирджиния штатының әскери қызметкерлерімен кездесуінде тосыннан осылай деп мәлімдеді.
Әлем дәл қазір ғаламдағы демократия мен автократияның қақтығыс алаңында тұр. Сондықтан бұл процесс қаншалықты қиын жағдайда өтсе, демократиялық елдердің бір консессумға келуі де соншалықты қиындықпен жүреді, деді АҚШ-тың президенті.
"Мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен де, әлемнің басқа көшбасшыларымен де талай ой бөлістім. Сонда байқағаным, Қытай 2035 жылға дейін Американы иемденуге толық сенімді екенін аңғартты. Мен олардың ұзақ жылғы стратегиялық жоспарларын жақсы білемін. Олар автократиялық режимдегі елдер. Себебі, автократиялық режимде шешім жасау әлдеқайда жылдам өтеді",-деп атап өтті Джо Байден.
Fox News телеканалына АҚШ президенті осылай интервью берді. Ал, ТАСС-тың тілшілерінің Ақ Үй әкімшілігіне "Президент Байден неге мұндай сарында интервью берді, соған жауап бере аласыздар ма?" деген сұрағына Ақ Үй әлі жауап берген жоқ.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар