Мемлекет басшысы екі заңға қол қойды

1044

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Президент Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартқа енгізілген түзетулерді бекітті.

«Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Тоқаев «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы