Ташкентте мүмкіндігі шектеулі қызды ұрып-соғып, аяғынан сүюге мәжбүрледі (видео)

5171
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде мүмкіндігі шектеулі қызға (саңырау және мылқау) зорлық-зомбылық көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ГУВД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, Ташкентте 25 мамырдан 26 мамырға қараған түні, сағат 03:15-те жедел медициналық мекемеге 24 жастағы Мохизода В.-ның жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Оның денесінде жарақат іздері болды.

24 мамырда Мумтозбегим Д. (28 жаста) және оның екі танысы, Диёра Б. (20 жаста) мен Мукаррам М. (23 жаста) Мохизода В-ға зорлық-зомбылық көрсеткен.

Көшеде қалған бойжеткен көмекке мұқтаж екенін өз тілінде түсіндіріп, өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін тоқтатады. Сонымен қатар ол аяғындағы іздерді көрсетеді.

Оқиғаға қатысушылардың кім екені анықталды, сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Желідегі видеода қызды қарап отырған әйелдің аяғын сүюге мәжбүрлегені көрінеді.

Видеоны осы сілтемеден көре аласыз: https://t.me/TYUZBEK/18633

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер