Туған баласын өлімге қиған әке

1922

Бір қарт кісінің әйелі, балалары аштықтан қырылып, тек бір жас ұлымен екеуі ғана тірі қалыпты. Шал күн сайын қақпан құрып, сарышұнақ тышқандарды аулап күнелтеді. Жеті-сегіз күндей қақпанына ештеңе түспейді. Әкелі-балалы екеуі де әбден ашығады. Әсіресе, баланың жағдайы қиындап, күннен күнге әлсірей береді. Әке қүдайға мінәжат етіп, өзіне-өзі шарт қояды:

«Тағы да үш күн күтейін. Егер осы үш күн ішінде қақпанға ешнәрсе түспесе, баламның өзін сойып жейін. Мен өліп қалсам балаға ешкім қарамай, бәрібір аштан өледі. Ал мен тірі қалсам, заман түзеліп, кейіннен балалы болармын» - деген ойға бекінеді. Сонымен үшінші күн дегенде шалдың қақпанына екі сарышұнақ түсіп қалыпты. Енді бұдан кейін күн сайын қақпан құр болмайды. Сөйтіп, бала осылай өлімнен аман қалған екен...

1931-1933 жылдардың аштығында елдің көрмеген қорлығы, тартпаған азабы қалмады. Арам ба, адал ма оған қарап жатпай, тамақтан өткен құрт-қүмырсқа, бақа-шаян, сарышұнақ дегеннің бәрін жеген.

«Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» кітабынан

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар