Ақтөбеде кінәсіз келіншек көз жұмды

2982
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының орталығында мешітке қарсы жол бойында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

"Shacman" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылымен "Нұр-Ғасыр" мешітіне қарама-қарсы жүріп, қиылыстан солға бұрылған кезде қарсы келген көлікке жол бермей, "BMW" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысудан жүк көлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, жаяу жүргіншілер жолымен жүріп келе жатқан Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, ал "BMW" автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

"Өкінішке қарай, аталған жол-көлік оқиғасының салдарынан өз жөнімен жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан кінәсіз әйел көз жұмды. Қазір бұл оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.  Біз барлық азаматтардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз.  Сіздің ойланбай жасаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін", - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер