Баласы 89 жастағы анасын өлімші етіп сабап тастады

1353

Риддер қаласында 89 жастағы анасын қатігез ұлы өлімші етіп сабап тастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды.

«Сот 2020 жылдың 30 қарашасында, шамамен 19: 00-де жанжал кезінде мас күйінде ер адам анасының бетіне бірнеше соққы жасағанын анықтады»,  деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот бейнежазбадағы ер адамды алты жылға бас бостандығынан айырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар