Ленинмен 4 сағат тартыса отырып, Қазақ елінің шекарасын шегендеген ұлы тұлғаның туған күні!

16488
Adyrna.kz Telegram
Ұлылар ұмытылмайды!
Алашорда өкіметінің соңғы тұяғы, Әлихан, Ахметтердің ізбасары болған, Қазақ жерінің сақталып қалуына жастайынан орасан үлесін қосып кеткен ұлы тұлға Әлімхан Ермеков туған күні екен бүгін. Не бары 29 жасында Ленинмен 4 сағат отырып, Қазақ елінің шекарасын бекітуге атсалысқан.
Әлихан Ермековтің ең ұлы еңбектерінің бірі — Қазақ автономиясы шекарасының біртұтастығын жанқиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 жылы 17 тамызда Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баяндама жасайды. Онда ол жер, Қазақстанның шекарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады.
Окупанттар өз кінәсін мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақырымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақырымдық ұлан-ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады.
Жаратқан ием алдынан жарылқасын! Қайталанбайтын, қайта келмейтін арыстар!
"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер