АҚШ-тың Ресейге қарсы кезекті санкциясы жарияланды

5090
Adyrna.kz Telegram
АҚШ-тың Сауда министрлігі Ресейдің бірнеше заңды тұлғалары ма ұйымдарына экономикалық санкция жариялады. Оның ішінде кеме жасау өндірісіне қатысты мердігер компаниялардың да атын атады, АҚШ-тың қаржы министрлігі.
Бұл жолғы санкцияның қара тізіміне "Морская спасательная служба", "Мортранссервис", "Самара жылу энергетикалық қоры", "Коксохимтранс", сонымен қатар 13 судна мен кеме жасаушы мынадай: "Академик Черский", "Балтийский исследователь", "Спасатель Карев", "Юрий Топчев", "Владислав Стрижов", "Артемис Оффшор", "Бахтемир", "Финвал", "Капитан Беклемишев", "Мурман", "Нарвал", "Сивуч" и "Умка" компаниялары тізімге ілінді.
Осы мердігерлердің ішінде "Солтүстік ағым-2" жобасына қатыспайтын "Морспасслужбой" санкциядан босатылды.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Nord Stream 2 AG газ құбырын жүргізу процесіне қатысқан компанияларды Вашинггтонның мүддесіне қарсы жұмыс істеп жатыр деп атап өткен болатын. Ақ Үйдің өкілі Джен Псаки болса алдағы уақытта құбыр жүргізу процесі қиындайды деп отыр.
"Солтүстік ағым-2" жобасы Балтық теңізі арқылы өтетін, Германия мен Ресей арасында жылына 55 миллиард куб газ тасымалдайтын өте алып жоба. Бұл газ құбырының терреториялық өткелі Финляндияны, Швецияны, Данияны да кесіп өтетін болған. Аталған елдердің бірнеше мердігер компаниялары санкцияның салдарынан бұл жобаға қатысудан шығып кеткен еді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер