Мамин: Барлық отбасы жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

4123
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды. Үкімет басшысы биыл 10 мамырда өрт салдарынан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ресми ақпараттық ресурсқа сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасы жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады», — деді А. Мамин.

Өрттен зардап шеккен отбасыларға арналған 30 жаңа тұрғын үйдің құрылысы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қарастырылған Үкімет резервінің қаражаты есебінен жаңа «Ботаника үшінші тұрғын үй ауданында» жүргізілуде. Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр, ал үй маңындағы жеке учаске көлемі – 10 сотық.

Айта кетейік, Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін 557,5 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «ОблШығысЖол», «VK Invest Company», «QK Sunqar», «Востоквзрывпром», «Kazprofstroy Holding» компаниялары жүргізуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер