Анджелина Джоли 18 минут бойы қозғалмай ара үйірімен суретке түсті

2815
Adyrna.kz Telegram

Танымал актриса Анджелина Джоли National Geographic журналы үшін ара үйірімен суретке түсті. Бұл жердегі мақсат - жойылып бара жатқан осы жәндікке халықтың назарын аудару болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл жәндіктердің жойылуының салдарынан адамзат үлкен қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ол аштық, экологиялық апат секілді ауқымды проблемалар болуы да ғажап емес.

«Анджелина 18 минут бойы қимылсыз, аралармен көмкеріліп тұрды. Аралар актрисаны шаққан жоқ», - дейді фотограф Дэн Уинтерс.

Фотосессия «20 мамыр әлемдік аралар күніне» арналып өткізілді. Актрисаның терісіне арнайы феромондар жағылды. Ал басқа адамдар қорғаныш костюмдерін киіп жүрді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Almaty | Astana (@meganews.kz)

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер