Қазақстан пандемия сынағына Президенті Тоқаевтың басшылығымен төтеп бере алды - Михаил Гусман

2359
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен пандемия сынағына төтеп бере алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі Бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман Эхо Москвы радиосының бағдарламасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2019 жылы сайлау өтіп, одан кейін пандемиямен күрес жылдары ретінде есте қалды. Қазақстан бір жағынан ең қиын жағдайда қалудан азды-көпті алшақ болғанын объективті түрде мойындау керек. Пандемия жекелеген елдерден басқа әлі де өршіп тұр, әлі күнге дейін сондай-ақ Қазақстанда да адамдар қауіпті вирустан көз жұмуда. Мен биылғы жылы Президент Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан бұл сынаққа төзе білді деп санаймын», - деді М.Гусман.

«Қазақстан Президентіне 2019 жылғы сайлаудан кейін және қазір үлкен жүк түскен. Оның көптеген жоспарлары, түрлі жобалары бар еді. Алайда олардың барлығын ысырып қойып, бар күшті пандемиямен күреске жұмылдыруға тура келді», - деп толықтырды М.Гусман.

Пікірлер