Дәурен Абаев "ИК" жайында: Жастар көп нәрсені дұрыс айтты

3556
Adyrna.kz Telegram

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Ирина Кайратовна" тобының ресейлік журналист Юрий Дудьке берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Open Dialogue 2.0 жобасы кезінде Дәурен Абаев "Ирина Кайратовна" тобының мүшелері "Қазақстан патриоттары" болып санала ма деген сұраққа жауап берді.

"Ирина Кайратовна" мен Юрий Дудьтің сұхбатын көрдіңіз бе?
- Толық емес.
- Бұл жігіттер өз елінің патриоттары деп ойлайсыз ба?
- Көргенім мен естігеніме қарағанда, иә.
- Олар билікті қатты сынға алды, сіз бұған қалай қарайсыз?
- Бұл олардың құқығы. Біздің елде билікті сынаған алғашқы адамдар емес. Өркениетті әлем үшін бұл қалыпты жағдай. Әрине, мен кейбір тезистермен келіспеймін, бірақ кейбір тұстарын алып қарасақ орынды, келісуге тұрарлық жерлері де бар. Жалпы, көптеген дұрыс нәрселер айтылды. Ал біз бұл үшін оларға қол шапалақтап, қолдау көрсете аламыз. 

Бұл жерде ең бастысы - жігіттердің ел тағдырына немқұрайлы қарамауы.

Менің ойымша, біздің жаңа мәдени толқынымыз енді басталды. Соңғы жылдары шығармашыл жастардың жаңа буыны өсіп, шыңдалуда. Бұл әншілер, актерлер, жүзушілер ғана емес, сонымен қатар жаңа жас суретшілердің, актерлердің, театр мен кинорежиссерлардың, фотографтардың және т.б. өнер иелерінің қатары жастармен толығуы.

Олардың көпшілігі қазақ тілін танымал етуге үлкен үлес қосады. Тілімізді сәнді әрі танымал етеді.

Шығармашылықтарынан бөлек, олар өз өмірлік ұстанымдарын жиі жариялайды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер