Бұл «халықтың ақшасына түкіргенім бар» дегенді білдіреді - Хамитов

2901
Adyrna.kz Telegram

Аралас жекпе-жек (ММА) шебері Хамитов қазақстандық «Барыс» командасының капитаны Даррен Дицтің жалақысының мөлшеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл «халықтың ақшасына түкіргенім бар» дегенді білдіреді», - деп жазды «Найман» Sports.kz-ның Instagram-дағы жаңалықтары астындағы пікірде.

Ресейлік «Спорт-Экспресс» мәліметі бойынша, Диц жылына 579 миллион теңге жалақы алады, бұл – бүкіл Континентальды хоккей лигасындағы екінші көрсеткіш.

Хамитовқа келер болсақ, ол келесі жекпе-жегін 19 маусымда Атырауда Роман Головинге қарсы өткізеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket