COVID-19: ШЫМКЕНТ +82

1462
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/covid-19-4908692_1280-960x500.jpg?token=4f3e30059560d10006102983ff8a673c
Шымкент қаласында 12 мамырда КВИ-дің 82 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 60, белгілері жоқ - 22). 36 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 46 адам үй бақылауында. 2 368 адамнан ПТР сынамасы алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар, төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды. Соңғы бір тәулік ішінде қалада 5 036 адам вакцина алды (I компонент-2 646, II компонент- 2 390). Егу науқаны басталғалы барлығы 154 892 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 61 157 адам вакцинаның екі компонентін қабылдады. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар 432 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін бұзған 8 нысанға әкімшілік хаттама толтырды. Құрметті шымкенттіктер! Қоғамның амандығы Сіздің жауапкершілігіңізге байланысты. Сондықтан, ғылыммен дәлелденген вакцинаны қабылдап, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Комментарии