Цукерберг WhatsApp-ты 22 миллиард долларға сатып алған

1079
Қазір елдегі үш адамның екеуінде бар мессенджері- 2009 жылдары Ян Кум мен Брайан Эктон атты жігіттер жасаған туынды. Бір қызығы, Ватсапты жасаған кезде бұл пəленің осынша дəрежеге көтеріліп тіпті əлемге шығып кететіні жайлы екі жігіт мүлдем ойламаған екен.
Бірақ, осы Фейсбуктің иесі Цукерберг бірдеңені сезгендей 2010 нан бастап ватсапты маған 50 000 000 долларға сатыңдар деп қолқалай бастайды. Бірақ екеуі келіспейді. Бір қызығы, айтқанынан қайтпаған Цукерберг жыл сайын Ватсаптың бағасын көтеріп, ақыры 2014 жылы мессенджерді 16 миллиард долларға сатып алам деп ұсыныс жасайды. Бұнша көп ақшаны естіп, басы айналған екеуі бірден келісіп, бірақ бізді Facebook фейсбуктің акционері қыласың деп шарт қояды. Бірақ Цукерберг бас тартады. Сосын небары бір жылдың ішінде Ватсапп əлемнің барлық хабарласуға арналған бағдарламалардың рейтінгісін екі орап кетеді. Бұны көрген Цукерберг əлгі екеулерінің ұсынысын қабыл алатынын айтыпты. Бірақ өздерінің туындысы танымал боп кеткенін байқаған екеуі біраз саудаласып, ақыры 22 миллиард долларға тоқтаған екен. Нəтижесінде WhatsApp 2014 жылдан бері Facebook компаниясының меншігі болып табылады.
Айтпақшы əлемге əйгілі Instagram да осы Facebook тікі. Тек мұнда ертерек қамданған Цукерберг Instagramды небары 1 миллиард долларға ғана сатып алған. Осы үш компанияның арқасында 33 жасар Марк Э́ллиот Цу́керберг қазір 87,4 млрд доллары бар əлемдегі ең бай ондықтың қатарына кіріп отыр. Қысқасы Құдай берем десе қылтимадан бере салады деген осы...
Құрметті, Mark Zuckerberg!
You're the best! Аnd you're my hero. Come to Kazakhstan to stay. People like you are now needed. Осы жігіт сиқяқты. 100 шақты бала біздің Қазақияға да ауадай қажет. Ауадай. Енді күн сайын осылай әлем байлары жайлы мақалалар салып тұрамыз. Біле жүріңіздер. Мысалы кімнің өмір баянын немесе жеткен жетістігі жайлы білгіңіз келеді?
Бурахан ДАХАНОВ,
тәуелсіз блоггер
Пікірлер
Редакция таңдауы