"Ауруханалар базар-вокзал: ауырсаң таныссыз, ақшасыз өліп кету түк емес"

7073
Adyrna.kz Telegram

Медицина саласы үшін "дұғада" болайықшы. Осы дерттен құтылған соң бұл салаға түбегейлі реформа керек екен. Ауырғанда анық сездік.

Бірінші ковидті сезген жоқпын. Жұмыста аптасына бір тест тапсыртады, антиденені тексереді. Соның нәтижесіне қарап, ауырып кеткенімізді бірақ білдік.

Сосын маскамызды тағып, спиртімізді жағып, сақтанып, вакцина алуға дайындалып, Ораза бітсін деп жүрдік. Алдымен ассистентіміз вакцина салдырды. 3 күннен соң ковидпен ауырды. Одан кейін 5-6 күннен соң бізге жұққанын білдік.

Дамумедпен дәрігерге жазыла, телефонмен шақыра алмадық, Мобильді топты таныс достарымыз жіберді. Мобильді топ алып кеткен тест жауабын 6 күннен соң телефонмен білдік. Нақты қортындысын 14 күннен соң смспен Saqbol деген қосымшадан білесіз деп келді, білсек те, қосымшаны көрейік деп жүктеп, кірсек қосымша істемейді. Мед.саладағы мобильді қосымшалар көз алдау. Ешқайсы жұмыс істемейді. Цифрландыруға жауапты адамды шімірікпей соттау керек. Ал направлениемен жіберіп түскен КТ қорытындысын 7 күнде әрең алдық.

Ковид екенін білген соң жұмыс орным емдеуші дәрігер, дәрімен қамтамасыз етті. Әлгі дәрігер күнде бақылап отырып, әйтеуір емделдік. Былай тегін, тіркелген жерімізде емделсек, не боларын білмеймін.

Кешелі-бері онкология институтына барып жүрмін (уайымдамаңыздар бәрі жақсы). О жақ туралы бөлек пост жазамын. Қылмыстық іс қозғауға болады.

Жалпы сала терең депрессияда. Ауруханалар базар-вокзал, дәрігердің көбі "такси брат". Ақша. Ауырсаң таныссыз, ақшасыз өліп кетуі түк емес.

Жекелеген дәрігерлерді кіналамаймын. Арасында талай мықты мамандар жүр. Оларды аяймын. Мәселе оларда емес. Жалпы салада проблема.

"Қазақстан-2030" деген қияли бағдарламалардың жетегінде жүргенде медицина сияқты салалардың саудасы біткен екен. Ковид біткен соң медицина саласын мемлекет түбегейлі қолға алуы керек. Қажет болса қоғам асарлатсын. Мешіт салғанша артық ақша болса медицина саласына салайықшы.

Ербол АЗАНБЕК

Facebook парақшасынан 

Пікірлер