БҚО: 4 тонна астық өртеніп кетті

2572
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/e02c1b61-d6ab-43e5-ab16-bd3467079db9.jpeg
Батыс Қазақстан облысында 4 тонна зығыр дәнінің тұқымы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлады aikyn.kz. ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні Теректі ауданы аумағында болған. Самара-Шымкент жолында Жаңаөмір ауылына бұрылар тұста 1983 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай, ГАЗ-53 автокөлігі аударылып қалған. Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, тұқым ішінара өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 18:10-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Комментарии