Әлемдегі ең үлкен айсберг Антарктидадан бөлініп шықты

4429
Adyrna.kz Telegram

Жақында әлемдегі ең үлкен айсберг Антарктикадан бөлініп шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған жердегі «Сентинел-1» бақылау спутнигінен алынған мәліметтер дәлел. Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) мәліметі бойынша, ауданы 4320 шаршы шақырым болатын алып айсбергті британдық және американдық ғалымдар Sentinel-1 ғарыш кемесінің суреттерін талдап тапқан.

ESA А-76 деп белгіленген айсбергтің ұзындығы 170 шақырым, ені 25 шақырым екенін атап өтті. Бұл әлемдегі ең үлкен айсберг (ол Испанияның Майорка аралынан сәл үлкен). Ол Антарктидадағы Ронне мұз қайраңының батыс ұшын бұзып, қазір Уэддел теңізіне жылжып барады.

Фото:esa.int

Ғарыш агенттігінің хабарлауынша, алдыңғы рекорд А-32А айсбергіне тиесілі, ауданы шамамен 3880 шаршы шақырым, сонымен қатар ол да Уэддел теңізінде орналасқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер