Израильдің Гиват-Зеев қаласында синагогадағы мінбер құлады. Қайғылы оқиға діни мереке тойлап жатқанда болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
The Jerusalem Post газетінің хабарлауынша, ондаған адам үйінділердің астында қалып қойған. 2 адам қаза тауып, 60-қа жуық қала тұрғыны жарақат алды. Олардың бірнешеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Бұл оқиғаны палестиндіктер "Құдайдың қаһары" деп атап, ХАМАС-ты жаппай қолдауға шақыруда.
Айта кетейік, қазіргі таңда мінбердің құлау себебі әлі анықталған жоқ.
«Адырна» ұлттық порталы