БҰҰ: Араб-еврей қақтығысы үлкен соғысқа әкелуі мүмкін

3394
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/2d0df556-b88d-4b22-aad3-ca2f974b830f.jpeg
БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесі жөніндегі арнайы үйлестірушісі Тор Веннесланд оккупацияланған Палестина аумақтарындағы жағдайды қалыпқа келтіруге шақырды. Ол араб-еврей қақтығысының үлкен соғысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.
"Дереу отты тоқтатыңыз. Біз толыққанды соғысқа жақындап келеміз", - деп жазды ол өзінің Твиттерінде.
Қазіргі таңда Израильдің әуе шабуылдары салдарынан 115 адам қайтыс болып, 600-і жарақат алды. Айта кетейік, Газа секторының шекарасындағы жағдай дүйсенбі күні кешке шиеленісе түскен болатын. Шығыс Иерусалимде бірнеше күн бойы қақтығыстар жалғасуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии