Полиция майоры жол апатынан қайтыс болды

5553
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция майоры көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді.

Қайғылы оқиға «Орал-Тасқала» тас жолында болған.

«Біздің әріптесіміз, Орал қалалық полиция басқармасының қызметкері, полиция майоры Бисенгалиев Мержан Қуанышұлы өзінің «Шевроле-Кобальт» маркалы жеке автомашинасымен Тасқа ауданының Айнабұлақ ауылына жақын жерде кюветке аударылып қалған. Көлікте ол жалғыз өзі болған екен, өкінішке қарай алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды»,–деп жазды ол.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер