Тесланың соңғы өнімі Aptera электромобильі Қытайда сатылымы бойынша рекорд орнатты

1837
Тесла компаниясы Aptera атты электромобильдерінің жаңа сериясын шығарды. Бұл электромобильдің артықшылығы - 1600 шақырым қашықтыққа дейін қуаты таусылмай, жол жүріп барады. Қазір Aptera электромобильдерінің сатылымы Қытайда дүние жүзі бойынша рекорд орнатты.
Ал, Қытайдың квантты компьютерлерінің көмегімен Тесланың электроқозғалтқыштарын Тойота мен Лексусқа да орнатылып көрмек. Егер де эффективті болып жатса, онда алдағы уақытта Тойота мен Лексустер  электроқозғалтқыштармен жүретін болады деп жатыр Тесланың инженерлері.
Тағы да бір артықшылығы - Тесла электромобильдеріне күн панелдері орнатылған. Күн панелдері көлік жүріп бара жатқанда да көліктің батареяларын қуаттандырып кете береді. Бұл өз кезегінде қосымша энергия көзін қажет етпейді. Электромобильдің қуаты 76 аттың күшіне тең. Жылдамдығы сағатына 177 км/сағ құрайды.  Әлемдік нарықтағы бағасы 47 мың АҚШ долларын құрап отыр. "Aptera" электромобильінің Қытай нарығындағы сатылымы қазір 21 мың данаға жетіп отыр.
Қазір Илон Масктың компаниялары Германия мен Қытайға гиперзауыттарды салуда. Осы мемлекеттерден үлкен нарықтың көзін ашпақ. Болашақта әлемді империялар емес, алып компаниялар билейді деген болжам уақыт өткен сайын дәлелденіп жатыр.
Утилизацияның баптағына батып, қарыздан қарызға жалғанып, миллион-миллион шығынды мойнымызға артып, оны жылдап төлей алмай біз жүрміз
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар