Қостанай облысындағы өңірлік жобалық кеңсе жалпы сомасы 55 млрд. теңгеге 267 жобаны әзірлеуді қолға алды. 203 жоба қаржыландыруға ие болды, тағы 215 жоба мақұлданды.
- Жобалардың басым бөлігі АӨК саласында мақұлданды (78,1%). Екінші орында тамақ өнеркәсібі немесе АӨК қайта өңдеу саласындағы жобалар, олар 13,5%-ды құрайды. Есепті кезеңде екінші деңгейлі банктер 30,8 млрд теңге сомаға 66 жобаны, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ – 149 жобаны (6,1 млрд теңге) мақұлдады, – деп хабарлады Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
"Қарапайым заттар экономикасы" - басым жобаларға жеңілдікпен кредит беретін бағдарлама. 2018 жылыы желтоқсанда қабылданды. Оның негізгі міндеті - импорттық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жергілікті тауарларға ауыстыру. Қазіргі уақытта басым жобаларға кредит беруге арналған тауарлар тізбесіне қызметтің 140 түрі бойынша 1500-ге жуық атау кіреді.