Зидан Реал Мадридтан кететінін айтты

5099
Adyrna.kz Telegram

48 жастағы Зинедин Зидан «Реал Мадрид» ойыншыларына маусым соңында бас бапкер қызметінен кететіні туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Француздық бапкер мұны «Севильямен» 2: 2 есебімен аяқталған матч алдында киіну бөлмесінде мәлімдеді.

Ол клубты 2019 жылдың наурызынан бастап басқарып келеді. 2020 жылғы маусымда Зиданның басшылығымен «Реал» Испания чемпионы болды.

Бұған дейін ол жарақат алған ойыншылардан, бұқаралық ақпарат құралдарының сындарынан жалыққаны және кейбір ойыншылар жұлдыз тәлімгерін қолдамайтыны туралы хабарланған болатын. Жағдай Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін нашарлады, клуб жартылай финалда Челсиден ұтылған болатын.

Кейбір мәліметтер бойынша, Зидан «Ювентустың» бас бапкері болуға басты үміткер.

"Адырна"ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер