Мешітте жарылыс болып, 12 адам қаза тапты

6031
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/e74e599c-d225-47c9-9425-7bc3bf09d61b.jpeg
Кеше Жұма намазы кезінде Ауғанстан астанасы Кабулдағы мешіттердің бірінде жарылыс болып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Мешіт имамы мүфти Нуман да жарылыс салдарынан қайтыс болды. Қазіргі таңда жарақат алғандардың саны 20-дан асқан. Полицияның хабарлауынша, жарылыс Шакардар ауданындағы Хаджи Бахши мешітінде болған. Бомба ғимараттың ішіне салынған. Әзірге бірде-бір лаңкестік топ террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алмады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада да Кабулдағы мектепте жарылыс болып, 80 адам қаза тапқан еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии