Мұхтар ТАЙЖАН: Олигархтардың мүдделері – жерді жекешелендіріп алу

2724
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жерді жекешелендіруге түбегейлі қарсы екенін жеткізді. Ол бұл туралы Ахметбек Нұрсилаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жер менің ұрпағыма, халқыма керек. 2016 жылы басымды қауіпке тігіп, жер мәселесіне байланысты митинг өткізуге өтініш бердім. Сол кезде Еркін Рақышев қайда жүрді? Олигархтардың мүдделері — жерді жекешелендіріп алу. Мен оларға қарсы шықтым. Егер ақша табуды көздесем, керісінше сол топтың жағына шықпаймын ба? Алмасбек Садырбаев сияқты бізге инвестиция, жерге қожайын керек деп шырылдаушы едім. Егер солай жасасақ, қалталы азаматтар барлық жерді иемденіп алады. Ал қарапайым халықта ақша жоқ. Жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамында жалпы 80 адам бар. Олардың ішінде тәуелсіз сарапшылар өте аз. 12-13 адам ғана жердің сатылуына қарсы шықты»,—деді ол.

Сұхбат барысында Мұхтар Тайжан саяхаттың адал адамдарға мұқтаж екенін хабарлады.

«Халықты алдайтын саясаткерлерге жол бермеймін. Қосанов бар, басқалары бар, жалпы халықты алдап жүргендерге мен тойдым. Саясатқа таза оймен келу қажет. Өзімді ең маңызды жұмыспен айналысып келе жатырмын деп есептеймін. Жемқорлық пен әділетсіз сайлауды түзетуге болады. Бірақ жерімізден айырылып қалсақ, оны кері қайтару қиын»,—деді белсенді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер