20-дан аса адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

3470
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/izobrazhenie_2021-05-15_114519.png
Тәулік ішінде 23 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Оған Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері дәлел, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 15 мамырдағы жағдай бойынша 39 316 адам CVI-ден емделуді жалғастыруда (38 769 CVI + және 547 CVI-), оның 14 033 пациенті стационарда, ал 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде. CVI + және CVI- пациенттерінің арасында: • ауыр жағдайда - 798 науқас, • өте ауыр жағдайда - 185 науқас, • тыныс алу аппаратында - 107 науқас. COVID-19 белгілері бар пневмония ауруы туралы мәліметтер. 2021 жылдың 13 мамырындағы жағдай бойынша аурудың 130 жаңа жағдайы тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. 99 адам сауығып кетті. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген: жұқтырғандар - 54014, қайтыс болғандар - 852, барлығы - 52 615 адам сауығып кетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии