Қытайда торнадо: қаза тапқандар бар

2731
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласындағы торнадо салдарынан алты адам қаза тауып, 218 адам жарақат алды деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Бейжің уақытымен 20.40-та, Уханның қала маңындағы Кайдианьда және Уханның экономикалық дамуы аймағы саналатын Зуншаньда торнадо болды. Желдің жылдамдығы секундына 23 метрге жеткен.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан сенбі күнгі мәліметке сай алты адам қайтыс болып, 218 адам зардап шекті, 27 үй қирады, 400 үй, екі мұнара краны және уақытша құрылыстар шамамен 8 мың шаршы метр аумаққа зақым келді», - делінген ведомство хабарламасында.

Табиғи апат салдарынан ірі ағаштар құлап, жұмысшыларға арналған казарманың бір бөлігі қираған. Қала мен провинция билігі жедел жоспар құрып, құрбандар санын азайту үшін іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер