Мешіт имамы отбасылы әйелді ашық түрде азғырып жүр

3626

Қаскелең қаласындағы "Ақмешіт" мешітінің имамы күйеуі бар әйелді ашық түрде азғыруға көшкен. Ашынған әйел "Кел татуласайық" бағдарламасында мән-жайды жайып салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

"Арқамнан ұстап, санымнан сипайды, арқамнан массаж жасайтынды шығарды. Күйеуіңді қайтесің, мұны не қыласың, үстіңе тоныңды әперемін, үй әперемін", деп әйелдің басын айналдырған.

Күйеуі жұмыссыз қалған әйел мешіт имамынан көмек сұрап барғанына өкінетінін айтты.

Имам көмекке мұқтаж отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен, күніне 2-3 мың теңге беріп тұрған. Жалғаса келе имам жұмыссыз қалған ер кісіні қасына көмекке жұмысқа алады. Уақыт өте үйіне барып, кілем апарып, көмек берген сыңай таныта жүріп, әйел адамды төсекке шақырған.

"Қолымызға ақша ұстап, пәтерақымызды төлегенімізге күйеуім де, мен де қуанып мәз болып, имамға ризашылық танытып, бізге Құдай жәрдем беріп жатыр деп арам ой ойламаған едік. Бірақ имам маған ашық түрде тиісе бастады. Имамның бұл әрекетін күйеуіме қорқып айта алмадым. Ол өте мінезі тұйық қатал адам", – деп жылады жанайқайын жеткізген әйел.

Пікірлер
Редакция таңдауы