Жапаров Тоқаевқа алғыс айтты

2636
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/үүү-1.jpg
Бүгін, 13 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Телефон арқылы әңгімелесу барысында екі елдің президенттері бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады. Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Садыр Жапаровтың биылғы 2-3 наурыз күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Садыр Жапаров гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии