Ораза айт — исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы — Назарбаев

4151
Adyrna.kz Telegram

Елбасы Н.Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Құттықтау Елбасының ресми сайтында жарияланған болатын.

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін.

Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы.

Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады.

Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын.

Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер