Белгілі журналистке қолдау қажет

2083

Өмір - сан сынаққа толы. Ал оны сабырлықпен және қайсарлықпен жеңе алатындар да, жеңіліп қалатындар да бар. Алайда, жеке адамға түскен ауыр сынақты жұрт болып жұмыла көтеруге тура келетін жағдайлар да бар. Мәселен, танымал журналист, жылқы мәдениетін зерттеуші Бағдат Мұхтарұлының басына түскен ауыртпалықты көпшіліктің қолдауы мен көмегінсіз жеңілдету мүмкін емес. Өйткені, оның қос бүйрегін шетелдің (Беларустың) дамыған әрі қолжетімді ауруханасында ауыстыру үшін 30 миллион теңгедей қаражат қажет болып тұр.


Алашқа адал әрі жанкешті қызметімен белгілі азаматтың жағдайын естіген жұрт шама-шарқынша көмектесе кетті. Нәтижесінде қажет қаржының 90%-ы жиналды. Енді қалғаны 3 миллион теңге. Ерім деп еміренген елі барда оның да жиналары сөзсіз. Қазір Бағдаттың анализі Минскіге жолданып, соңғы тексеру-бақылау сатысында тұр. Одан өте сала белсенді бүйрек іздеу кезегіне қойылады. Ондағылар көп күттірмей дәл келетін бүйректің табылатынын айтып сенім ұялатты. Табыла қалғанда келісім шартта көрсетілген ақшаны (30 миллионды) алып, бір апта ішінде Минскіге жетуі керек. Ондай жарқын сәттің жақындап қалғаны анық. Ал біз елдігімізді тағы да бір мәрте көрсетіп, емге қажет қалған ақшаны (3 миллионды) дайындай берсек нұр үстіне нұр болар еді. Алла сауаптарыңызды еселесін!

Жарқын СӘЛЕНҰЛЫ

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар