Риддердегі өрт толықтай тоқтатылды

3020
Adyrna.kz Telegram

Риддердегі өрт толықтай тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдемесі бойынша,  жалпы ауданы 272,4 гектарды шарпыған дала өрті өшірілді.

"Қызыл жалын осыдан екі күн бұрын сағат 13.55-те Риддер орман шаруашылығында шыққан болатын. Екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен желдің салдарынан өртті сөндіру қиынға соқты. Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 493 адам, 69 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер