АҚШ соты қылмыскер дәрігерді өмірінің соңына дейін түрмеге жапты

3903
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та Рет Мэйс деген дәрігерді АҚШ соты өмір бойы түрмеге жапты. Рет Мэйс соғыс ардагерлеріне өлімге апаратын мөлшердегі препаратты салған деп хабарлайды, USA Today порталы.

Арнайы орталықтағы соғыс ардагерлері Екінші дүниежүзілік соғысқа, Корей соғыстарына да қатысқан ардагерлер болған. Оларды арнайы емдейтін Кларксбург қаласындағы орталықта инсулиннің мөлшерін шамадан тыс артырып салғандықтан, 7 ардагер қайтыс болған.

Дәрігердің бұдан басқа да іске қатысты қылмыстары анықталып, оларды АҚШ соты өмір бойына түрмеге жапты. Рет Мейстің 2017 жылы жасаған қылмысы да анықталды. Ол өзінің қылмысқа қатысты деректерінің бәрін жасырып ұстап, көрсетпеуге тырысып келген.

АҚШ-тың Кларксбург қаласында дәрігер науқас ардагерлерге COVID-19 препаратын салып жатқанда мөлщерін тым асырып жібергендіктен, соңы осындай қайғылы жағдайға алып келген. Нәтижесінде, дәрігер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер