Екі тұрғын кәріз құдығына түсіп кеткен (видео)

2249
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының полицейлері тереңдігі төрт метр болатын кәріз құдығына түсіп кеткен екі тұрғынды аман алып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арыс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, көмекке шақырған. Әйелдің айтуынша, Ақынбеков көшесі бойындағы канализацияны тазалауға құдыққа түскен қызметкерлер шыға алмай, өміріне қауіп төнген. Хабарламаны алысымен сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Жақсылық пен оның әріптесі Асанхан Сыздықов екеуі шұғыл әрекет етіп, 2-3 минут ішінде жеті көше арыдағы оқиға орнына жеткен.

"Полицейлер келгенде тазалықшы қызметкерлер құлап кеткен кәріз құдығының айналасында бірнеше тұрғындар қаумалап көмектеспек болып тұрады. Содан бірден қызметтеріне кіріскен тәртіп сақшылары, тұрғындармен бірге төрт метрге жуық тереңдікке құлағанның бірін жіппен тарту арқылы небары бес минутқа жетер жетпес уақытта шығарып алады. Содан кәріздегі иістен уланған тұрғындар жедел жәрдемдегі дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жеткізіледі. Бұл жағдайдың барлығы полицейдің бейнежетонына түсірілген",- делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, кәріз (канализация) тазалауға жұмысқа келген қызметкерлер төменге түскендерінде белдеріндегі жіп үзіліп кеткен. Бірі құдықтың беткі жағында ілініп қалса, екіншісі тереңіне барып бірақ құлаған. Абырой болғанда, бүгінде жансақтау бөліміне түскен екі қызметкердің де жағдайы жақсы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер