Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

4050
Adyrna.kz Telegram

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бүгіннен бастап әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді.

Атап айтсақ, тәуекелі жоғары қауіпті (қызыл аймақ) өңірлерде, «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежайлар ғимараттарына кіргізу шектелді.

Мұндай шектеу теміржол вокзалдарына да қойылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер