Үнділер сиыр көңін коронавирусқа қарсы "дәрі" ретінде қолданып отыр

4580
Adyrna.kz Telegram

Үнді дәрігерлері сиыр көңін коронавирусқа қарсы «дәрі» ретінде пайдаланып отыр. Мамандар халықтың басқа да жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үндістанда вирус жұқтырғандар саны күн санып өсіп жатыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 23 миллионнан астам адам Covid-19-ды жұқтырып, 250 мыңнан астам адам қайтыс болған. Күніне орта есеппен 330 мың адам ауырады.

Қазіргі таңда елде ауруханалар мен дәрі-дәрмектер жетіспеуде. Сол себепті көптеген адам сиыр көңін қолданып, "дәстүрлі" медицинаға жүгінуге мәжбүр.

Айта кетейік, бұл мемлекетте сиырды қасиетті жануар деп есептейді. Үндістер ғасырлар бойы сиырдың көңін дұға ету рәсімдері үшін қолданып келеді. Сондай-ақ оның емдік қасиеті бар екеніне сенеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер