Қазан қаласы қанға бөкті: Ресейде террорлық акт болды

7248

Ресейдің Қазан қаласында белгісіз екі азамат мектепке шабуыл жасаған. Олар автомат және гранатамен қаруланып, балаларға оқ жаудырған. Лаңкестік салдарынан 13 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Шабуыл жасаушылардың бірі қолға түсті. Ол 19 жастағы жігіт. Екінші шабуыл жасаған азамат мектепке бекініп, атыс жүргізуде.  Алдын ала мәліметке сайт ол 6 адамды кепілге алған. Қазіргі таңда тұтқындарды босату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шабуылды не мақсатта жасағаны әлі анықталмады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы