Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

2201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/on.png
Демалыс күндері Қазақстан аумағында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Синоптик мамандардың мәліметінше, Балтық жағалауы аймақтарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады.
«Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлерінде нөсер жаңбыр жауады», - деп болжады Қазгидромет мамандары.
Ал 9 мамыр күні еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии